22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

«Үміттен» кейін Амур келеді: Балқашқа тағы бір жолбарыс жіберілмек

«Үміттен» кейін Амур келеді: Балқашқа тағы бір жолбарыс жіберілмек
Экология министрлігі

Қазақстанның жабайы табиғатына тағы бір жолбарыс жіберілуге дайындалып жатыр. «Іле-Балқаш» резерватына жіберілген «Үміт» есімді жолбарыстан кейін, енді «Амур» лақап аты бар жыртқыш еркіндікке жіберілмек.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда мамандар жолбарыстың жабайы табиғатта өзін қалай ұстайтынын және аң аулау машықтарын мұқият тексеріп жатыр.

Адамға үйренбеуі үшін қашықтан тамақтандырады

Жыртқыштың бойындағы жабайы түйсігін сақтап қалу мақсатында мамандар онымен тікелей байланысқа түспейді. Ол адам баласына бой үйретіп алмауы үшін азық қашықтан беріледі.

Жүргізілген алғашқы тест нәтижелері Амурдың көрсеткіштері өте жоғары екенін көрсетті. Жолбарыстың физикалық жағдайы да, аң аулау қабілеті де өте жақсы деп бағаланып отыр. Егер ол алдағы барлық тексерістерден сәтті өтсе, жақын күндері Іле-Балқаш өңіріндегі жабайы табиғатқа жіберіледі.

Тұраны қайта түлету жобасы

Еске сала кетсек, Ресейден Қазақстанға жалпы төрт жолбарыс жеткізілген болатын:

3 тамызда «Іле-Балқаш» резерватына «Үміт» есімді алғашқы жолбарыс жіберілді. Бұл — соңғы 70 жылда Қазақстанның жабайы табиғатына қайта оралған алғашқы жыртқыш. Аз уақыт ішінде ол жаңа ортаға бой үйретіп, қасқыр мен қабан аулап үлгерген. Екінші болып табиғатқа «Амур» жіберілмек. Ал қалған екі жолбарысты келесі жылдың көктем-жаз айларында еркіндікке жіберу жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар