Атыраудағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты. Құтқарушылар ғимараттан 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Атырау қаласындағы Абай көшесінде болды. Бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің жатын бөлмесінен өрт шыққан.
Тілсіз жау жатын бөлмедегі тұрмыстық заттарды шарпып, пәтердің басқа бөлмелеріне де зақым келтірген.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тұрғын үйден 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Осыған байланысты ТЖМ өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.