Қазақстанда 21 қараша күні бірқатар өңірде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Синоптиктер кей аймақтарда тұман, көктайғақ, жаңбыр және қатты жел болатынын ескертті, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.
Астанада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы -4…-6°C, күндіз +4…+6°C шамасында болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз, ала бұлтты ауа райы болжанады. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +4…+6°C, күндіз +14…+16°C-қа дейін көтеріледі.
Ал Шымкентте күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +9…+11°C, күндіз +18…+20°C болады.
Сонымен қатар Астана мен бірқатар облыста тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел күтіледі.
Еліміздің батыс өңірлерінде де жел күшейіп, оның екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.