21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Camry жүргізушісі қаза тапты

Алматыда өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан Camry жүргізушісі қаза тапты
Бейнежазбадан скриншот

Алматы қаласында өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды otirikemes.kz 7 арнаның телеграмына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында, «Атакент» көрме орталығының қарсы бетінде болған.


Соқтығысудан кейін өрт сөндіру көлігі жеңіл автокөлікті бірнеше ондаған метрге дейін сүйреп кеткен. Салдарынан екі көлік те жолдан шығып, бағдаршамды құлатып, арық маңына барып тоқтаған.

Өрт сөндіру көлігі жарық бағанына соғылғаннан кейін тоқтаса, Toyota Camry гүлзарға қарай ұшып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл автокөлік түгелге жуық мыжылып қалған.

Апат салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ол көлікте жалғыз болған. Құтқарушылар марқұмның денесін темір үйіндісіне айналған көліктен шығарып алуға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың мән-жайын анықтауда.

Ұқсас жаңалықтар