21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Жүк көлігінің нөмірін өзгерткені үшін жүргізуші бір жыл көлік жүргізе алмайды

Жүк көлігінің нөмірін өзгерткені үшін жүргізуші бір жыл көлік жүргізе алмайды
Бейнежазбадан скриншот

Көкшетау – Астана тасжолында жүк көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі өзгерткен жүргізуші анықталды. Сот шешімімен ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды otirikemes.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға тасжолда елордалық полицейлердің Scania маркалы жүк көлігін тоқтатуынан кейін белгілі болды. Көлікті тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен өзгерткені анықталған.


Осылайша ол көліктің нөмірін оқуды қиындатуға тырысқан.

Құқық бұзушылық жасаған 54 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен жүргізуші бір тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция өкілдері мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар