Жаркенттегі сауда орталықтарының біріндегі дүкеннен шоколадтардың бірнеше апта бойы жоғалып жатқаны туралы полицияға хабар түскен.
«Бейнебақылау камерасы арқылы ер адамның бірнеше апта бойы дүкенге тұрақты келіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалтасына жасырып, төлем жасамай шығып кететінін анықталды», – дейді полиция.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті кей күндері дүкенге бірнеше рет кіріп, дәл осындай әрекетті бес-алты рет қайталаған.
Полицияның мәліметінше, бір ай ішінде дүкеннен жалпы құны 530 мың теңге болатын 625 дана «Рахат Қазақстан» шоколады қолды болған. Жедел іздестіру шаралары барысында 41 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.