21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен Қызылордаға шұғыл жеткізілді

Жаңа туған нәресте ТЖМ тікұшағымен Қызылордаға шұғыл жеткізілді
Бейнежазбадан скриншот

Жаңа туған нәрестеге қажетті медициналық көмекті уақытылы көрсету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы санитариялық рейс орындады, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Әуе кемесі Қызылорда – Төретам – Қызылорда бағыты бойынша ұшып, бортта экипаж мүшелері мен медицина мамандары болды.


Нәресте әрі қарай қажетті медициналық көмек көрсету үшін Қызылорда қаласына жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда авиацияның көмегі ерекше маңызды. Мұндай сәттерде әр минуттың маңызы зор.

Ұқсас жаңалықтар