21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 24 млн теңгенің жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды
ru.pngtree.com

Жамбыл облысында 16 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жіберген, деп хабарлайды otirikemes.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы құмды алқапта орналасқан жайылымдардың бірінде болған. Күдікті қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды ұрлауды ұйғарған. Содан кейін өз атына мініп, 16 бас жылқыны үйірімен бірге айдап әкеткен.


Кейін ұрланған малдың жетеуін сойып, етін саудаға шығарғаны анықталды. Аталған жайт салдарынан жылқы иесіне 24 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша аса ірі мөлшерде мал ұрлау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция өкілдері тұрғындарды мал-мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуға және төрт түлікті қараусыз қалдырмауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар