21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Заңға бағынбаған жүргізуші әйел Алматыда жауапқа тартылды

Заңға бағынбаған жүргізуші әйел Алматыда жауапқа тартылды
Бейнежазбадан скриншот

Алматыда әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын көрсетіп, өзіне ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген жүргізуші әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды otirikemes.kz Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан әйелдің жеке басын анықтап, тексеру жүргізген.

Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, автокөлік тізгіндегені белгілі болды. Сондай-ақ өзге де құқық бұзушылықтар анықталған.

Аталған деректер бойынша әйелге қатысты бірнеше әкімшілік іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін рөлге отыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша материалдар рәсімделді.

Бұдан бөлек, көлік басқару құқығынан айырылған әйелге автокөлігін берген көлік иесі де заң алдында жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар