22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

«Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде 3 жаңа міндетті пән енгізіледі

«Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде 3 жаңа міндетті пән енгізіледі
Оқу ағарту министрлігі

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанның мектеп бағдарламасына бірқатар жаңа міндетті оқу курстары қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесінің барлық деңгейіне жаңа Конституция қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары жаңа Конституция нормаларын ескере отырып қайта қаралды.

Бағдарламаға енгізілетін оқу курстары:

  • «Конституция негіздері» - 5–7 сынып оқушыларына арналған.

  • «Заң және тәртіп» - 8–11 сыныптарда міндетті курс ретінде оқытылады.

  • «Жеке қауіпсіздік» - 5–11 сынып оқушыларының барлығына міндетті болып енгізіледі.

  • «Құқық негіздері» - бұған дейін таңдау пәні болып келген курс енді барлық оқушы үшін міндетті пәнге айналады. Оның мазмұны Жаңа Конституция қағидаттарына сай жаңартылды.

Сонымен қатар, министр үлгілік оқу жоспарларының құрылымы оңтайландырылғанын атап өтті. Оқушылардың барлық оқу пәндеріне толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары алып тасталды.

Ұқсас жаңалықтар