21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын растады

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын растады
ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды otirikemes.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аталған екі басшыны және басқа да тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы қызметіне 2023 жылдың сәуірінде тағайындалған. Ал Елжас Орыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын 2026 жылдың шілдесінен бастап басқарған.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов инвестициялық жобалардың мерзімінде орындалмауына байланысты «Самұрық-Қазына» басшылығын сынға алған болатын.

Сонымен қатар «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов энергетикалық қуаттарды салу және іске қосу мерзімдерін бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты қызметінен босатылған еді.

Ұқсас жаңалықтар