22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

«Ұмай» ипотекасына өтінім 31 тамыздан бастап қабылданады

«Ұмай» ипотекасына өтінім 31 тамыздан бастап қабылданады
Антон Денисов

«Отбасы банкі» «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінімдерді 31 тамыздан бастап қабылдайтынын хабарлады.

Бағдарлама шарттарына бірқатар өзгеріс енгізілген. Атап айтқанда, бастапқы жарна көлемі төмендетілді, сондай-ақ өтініш берушінің басқа жылжымайтын мүлкінің болуы ипотека рәсімдеуге кедергі болмайды.

Банк мәліметінше, баспананы Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады. Сонымен қатар өтініш берушінің тіркелген мекенжайына қатысты талап жоқ.

«Ұмай» бағдарламасының негізгі шарттары:

  • пайыздық мөлшерлеме – 14,4% (ЖТСМ – 15,4%-дан 16,4%-ға дейін);

  • кредит сомасының 50%-ы жиналғаннан кейін мөлшерлеме 3,5–5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ – 3,6%-дан бастап);

  • бастапқы жарна – 15-20%;

  • кредиттің ең жоғары сомасы – 50 млн теңгеге дейін;

  • қарыз мерзімі – 6 айдан 10 жылға дейін.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтан сатып алуға болады. Бұдан бөлек, бағдарлама қатысушылары баспананы жөндеуге де қарыз рәсімдей алады. Бұл мақсатқа берілетін кредиттің ең жоғары мөлшері 15 млн теңгені құрайды.

Ұқсас жаңалықтар