Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені Риддер қаласынан Өскеменге жеткізу үшін санитариялық авиация арнайы рейс орындады, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» әуе кемесінің экипажы кішкентай науқасты облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Ұшу кезінде нәрестенің жағдайын санитариялық авиация дәрігерлері тұрақты бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Рейс сәтті аяқталды.
Айта кетейік, санитариялық авиация шалғай елді мекендерде тұратын тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін маңызды рөл атқарады.
ТЖМ авиациясы адамдарды құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстарын тәулік бойы атқаруға дайын.