21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Түркиядағы металлургия зауытында жарылыс болып, 17 адам қаза тапты

Түркиядағы металлургия зауытында жарылыс болып, 17 адам қаза тапты
Anadolu

Түркияның Измир провинциясындағы металлургия зауытында болған жарылыс салдарынан кемінде 17 адам қаза тапты. Тағы 13 жұмысшы жарақат алған. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды otirikemes.kz

Оқиға Алиаға ауданындағы HABAS металлургия кәсіпорнында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балқытылған болатты құю кезінде көпірлі кран үзіліп, электр доғалы пешке құлаған. Салдарынан қуатты жарылыс болып, кейін зауыт аумағында өрт шыққан.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қайғылы оқиғаға байланысты сот және әкімшілік тергеу басталғанын мәлімдеді.


Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ведат Ышыкханның айтуынша, алғашқы деректер бойынша, жарылысқа техникалық қызмет көрсету кезінде құлаған материалдың газ және оттегі құбырларын зақымдауы себеп болуы мүмкін.

Оқиғаға байланысты екі бас еңбек инспекторы жұмысқа кіріскен. Министрдің сөзінше, салғырттыққа немесе қателікке жол берген тұлғаларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қабылданады.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оның қорытындысы толық аяқталғаннан кейін көпшілікке жария етілмек.

Ұқсас жаңалықтар