«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Тараз, Ақтау, Орал, Атырау, Қостанай және Павлодар қалаларында тұман түсуі мүмкін. Сондай-ақ облыстардың жекелеген аудандарында да тұман күтіледі.
Бұдан бөлек, Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және басқа да облыстарда жауын-шашын жауып, көктайғақ болуы ықтимал.
Ал Шымкент, Тараз және Ақтау қалаларында, сондай-ақ Абай, Жетісу және бірқатар өзге өңірлерде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Осыған байланысты тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.