2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлайды otirikemes.kz ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми telegram-каналына сілтеме жасап.
Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру және стратегиялық маңызы бар кәсіпорындардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударады.