22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды

Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болып Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев тағайындалды.

Президенттің екінші өкімімен бұған дейін дайындалған Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың өмірбаяны

Қуанышбек Үштаев 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматы жоғары әскери училищесін (1997 ж.), Ұлттық қорғаныс университетін (2009 ж.) және РФ Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын (2018 ж.) тәмамдаған.

Әскери шені — генерал-майор. Қарулы Күштер сапында курсанттан бастап жоғары басшылық құрамға дейінгі өрлеу жолынан өткен:

2020–2021 жылдары: «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

2021–2022 жылдары: Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы;

2022–2023 жылдары: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

2023–2024 жылдары: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарын атқарды.

Соңғы уақытта Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы қызметін атқарып келген еді.

Құрлық әскерлері — Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамындағы ең ірі әрі негізгі әскери құрылым болып табылады. Жаңа бас қолбасшыға армияның жауын-герлік дайындығын арттыру мен қайта қаруландыру міндеттері жүктіледі.

Ұқсас жаңалықтар