21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Тоқаев көлік-транзит саласын дамыту мәселесін талқылады

Тоқаев көлік-транзит саласын дамыту мәселесін талқылады
Ақорда telegram-арнасынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиында халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективалары мен Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту шаралары қаралды.

Ақорда telegram-арнасынан

Отырыс барысында Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Қаржы министрі Мәди Такиев және Үкіметтің басқа да мүшелері саланың қазіргі жағдайы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндады.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы әлемде көлік-логистика байланыстарының жаңа жүйесі қарқынды қалыптасып жатқанын атап өтті.

Ақорда telegram-арнасынан


Президент халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттары айқындалғанын еске салды. Сондай-ақ еліміз халықаралық көлік құрылымында проактивті ұстаным танытуы қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы бірқатар артықшылық береді. Алайда елдің бәсекеге қабілеттілігі тасымалдың жылдамдығы мен сенімділігіне, қызмет көрсету шарттары мен мерзімдерінің алдын ала айқын болуына, сондай-ақ тарифтердің тиімділігіне тікелей байланысты.

Осыған орай Президент ең алдымен транзиттік жүктерді өткізу мүмкіндігін арттыру, отандық әуе тасымалдаушыларды қолдауға жағдай жасау және теңіз көлігін дамыту қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар