21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты
Ақорда telegram-арнасынан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ақорда telegram-арнасынан


Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін асырғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, спортшылардың жеңісі – мемлекет үшін үлкен жетістік әрі мақтаныш. Ол ұлттық құраманың табанды еңбегінің арқасында халықаралық додада Қазақстанның Әнұраны шырқалып, көк Туы биікте желбірегенін жеткізді.

– Әрбір жеңісті нағыз патриотизмнің айқын көрінісі деп санаймын. Тұтас халқымыз сіздерге қолдау көрсетті, жанкүйер болды. Әр спортшының ел қоржынына қосқан медалі азаматтарымызға, әсіресе, өсіп келе жатқан жас буынға үлкен шабыт береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорда telegram-арнасынан


Сонымен қатар Мемлекет басшысы спортшылардың жетістіктері елімізде жүзеге асып жатқан түбегейлі өзгерістермен үндесетінін айтты. Оның сөзінше, соңғы жылдары Қазақстан экономикасы айтарлықтай нығайып, жаңа даму көрсеткіштеріне қол жеткізіп келеді.

Президент Халықаралық валюта қорының болжамына сүйеніп, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 398 миллиард долларға жақындайтынын атап өтті. Бұл көрсеткіш аймақтағы ең жоғары деңгей болмақ.

Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі құбылмалы кезеңде қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, ел әлеуетін арттыру үшін белсенді әрі қажырлы еңбек ету қажеттігін баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар