22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Темекі бағасы қымбаттады

Темекі бағасы қымбаттады

Қаржы министрлігі темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдеріне белгіленетін ең төменгі бөлшек сауда бағасын қайта қарады.

Жаңа өзгеріске сәйкес, 20 дана темекіден тұратын бір қораптың ең төменгі құны 970 теңгеден 1 060 теңгеге өсті. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш 1 120 теңге болады.

Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы шамамен әр алты ай сайын өзгеріп отырады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап фильтрлі және фильтрсіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің (20 данадан тұратын қорап) ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңге болып белгіленді. Ал бұған дейін 2025 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында 920 теңге болған.

Ұқсас жаңалықтар