22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

Ташкентте қазақстандық әскери балуандар 12 медаль алды

Ташкентте қазақстандық әскери балуандар 12 медаль алды
қорғаныс министрлігі

Ташкентте әскери қызметшілер арасында ұлттық күрес – құраштан алғашқы әлем чемпионаты өтті. Халықаралық жарыс Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен ұйымдастырылды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Kursiv.media хабарлады.

Біріншілікке 15 елдің құрамасы қатысты. Қазақстан намысын Қарулы күштер, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінің өкілдерінен құралған құрама қорғады.

Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан спортшылары топ жарды. Қазақстан құрамасы екінші орынға жайғасса, Иран балуандары үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар жарысты 12 медальмен аяқтады. Әйелдер арасында +70 келі салмақта Толқын Тұрсынақынова алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

Күміс жүлдені ерлер арасында Сұңғат Нұрланұлы (60 кг), Мәди Амангелді (81 кг), Ақылжан Тұрсынбек (100 кг) және Айдар Бескемпір (120 кг) иеленді. Әйелдер арасында Сағат Байғараева (57 кг) мен Бақыт Құсақбаева (63 кг) күміс медальға қол жеткізді.

Қола жүлдеге ерлер арасында Ернұр Сүлеймен (66 кг), Нұрсаят Абдуқас (73 кг), Ерасыл Тұрсынбеков (90 кг) және Көркем Орымбек (70 кг) ие болды. Әйелдер арасында Айжан Жылқыбаева (52 кг) үшінші орын алды.

Ұқсас жаңалықтар