Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында екі адам мінген жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Оларға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды otirikemes.kz
Оқиға Северное ауылына жақын маңда болған. Жеңіл автокөлік негізгі жолдан бірнеше шақырым қашықтықтағы учаскеде қарға батып, жүргізуші көлікті өздігінен шығара алмаған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автокөлікті қар құрсауынан сүйреп шығарып, негізгі жолға дейін жеткізуге көмектесті.
Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктегі азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.
Осыған байланысты ТЖМ жүргізушілерді жолға шығар алдында ауа райын және жол жағдайын ескеруге шақырды. Мамандар қолайсыз ауа райында қосалқы жолдармен жүрмей, негізгі автожолдардан ауытқымауға кеңес береді.