Балаңыздың жарқын болашағы дәл бүгіннен басталады. Ал ата-ана үшін ең маңызды шешімдердің бірі - мектеп таңдауда қателеспеу.
Егер балаңызға сапалы білім, лайықты орта және әлемнің үздік университеттеріне түсуге мүмкіндік бергіңіз келсе, Shoqan School-ға құжат тапсырыңыз! Мұнда біз тек білім беріп қана қоймай, әр баланың қабілетін ашуға, өзіне деген сенімділігінарттыруға және мектеп қабырғасынан тыс жатқан мүмкіндіктерді көруге көмектесетін орта қалыптастырамыз. Балаңыз өз дәстүрін, төл болмысын біліп өссе дейміз. Сонымен қатар әлемнің кез келген жерінде өзін еркін әрі сенімді сезінгенін қалаймыз.
Дәстүрді құрметтеп, жаңаны жатсынбай, жаңашылдықты қабылдап, биік мақсаттарды армандап қана қоймай, сол арманын нақты нәтижеге қалай айналдыру керектігін біліп өссе дейміз. Небәрі 6 жылдың ішінде Shoqan School жоғары нәтижелерге қол жеткізді: мектептің бірден екі түлегі Гарвард университетіне толық грантпен оқуға түсті. Тағы екі оқушымыз әлемнің үздік 10 университеттерінің қатарына кіретін оқу орындарының студенті атанды.
Shoqan School-да қазақ бөлімінің 1–11 сыныптарына оқушылар қабылдау жүріп жатыр.
📞 8 700 97 000 97