21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді

Шарын шатқалы әлемдегі үздік 20 каньонның қатарына енді
eurasia.travel

Қазақстанның табиғи көрікті орындарының бірі – Шарын шатқалы халықаралық рейтингте жоғары орынға ие болды. Ол The Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында әлемдегі үздік 100 каньон мен шатқалдың қатарына еніп, 17-орынға тұрақтады, деп хабарлайды otirikemes.kz «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Minecology


Рейтинг нәтижесі бойынша Шарын шатқалы Қазақстандағы нысандар арасында бірінші орын алды.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ерекше жартастары, геологиялық құрылымы мен қайталанбас табиғат көріністері арқылы танылған шатқал халықаралық деңгейде жоғары бағаланған.

Айта кетейік, Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен ұсыныстарын, журналистік зерттеулерді және ашық дереккөздердегі мәліметтерді ескере отырып жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг. 2026 жылғы тізімге әлемнің 46 елінен 100 каньон мен шатқал енгізілген.

Рейтинг қорытындысы бойынша Worldworthy редакциясы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы сертификат жолдаған.

Бұл жетістік Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар