21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қызды полицейлер аман-есен тапты

Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қызды полицейлер аман-есен тапты
Polisia.kz

Қызылордада полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар қызды аман-есен тапты. Бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен, деп хабарлайды otirikemes.kz Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап

Кешкі уақытта Қызылорда қаласының полициясына алты жасар қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Хабарды алған бойда патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Заңғар Нұрадинов пен ювеналды полиция инспекторы Дамир Ахметулла іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Тәртіп сақшылары аула аумағын аралап, баланың жүрген жерін анықтау үшін жедел шаралар жүргізген. Іздестіру барысында дыбыс күшейткіш құрылғы арқылы қыз баланың аты-жөнін атап, тұрғындардан көмек сұраған.


Анықталғандай, бүлдіршін ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен. Жедел іздестіру нәтижесінде қыз бала аман-есен табылып, анасына тапсырылды.

Баласының дін аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге жедел әрекеті, жанашырлығы мен жауапкершілігі үшін алғысын білдірді.

Осы ретте полиция қызметкерлері ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, оларды қараусыз қалдырмауға және қайда жүргенін үнемі бақылауда ұстауға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар