Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Құрылтай сайлауынан кейін саяси партиялар арасында депутаттық мандаттардың қалай бөлінгенін жариялады.
Оған сәйкес, бес саяси партия депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады.
Оның айтуынша, 5 пайыздық сайлау шегінен өте алмаған «Байтақ» жасылдар партиясы мен Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) депутаттық мандаттарды бөлуге қатыспайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей тәртіппен бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 110 мандат;
- «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
- «Respublica» партиясы – 9 мандат;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялаған еді.