22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Құрылтай сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі жарияланды

Құрылтай сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі жарияланды
Қазақстанда бір палаталы Құрылтай сайлауының алғашқы Exit poll нәтижелері белгілі болды.

«Еуразиялық интеграция институты» жүргізген Exit poll қорытындысы бойынша, сайлауға қатысқан саяси партиялар арасында сайлаушылардың дауысы төмендегідей бөлінді:

  1. «Әділет» партиясы — 71,8%;
  2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,4%;
  3. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5,2%;
  4. Respublica партиясы — 5,4%;
  5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1%;
  6. Қазақстан халық партиясы (ҚХП) — 3%;
  7. «Байтақ» жасылдар партиясы — 1%;
  • «Бәріне қарсымын» белгісін таңдағандар — 2,1%.
Орталық сайлау комиссиясы ұсынған мәліметке сәйкес, тұңғыш өтіп жатқан Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енген 9 миллион 350 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасаған.

Сағат 20:41-дегі жағдай бойынша, ел азаматтарының сайлауға қатысу белсенділігі 74,19% құрады.

Ұқсас жаңалықтар