21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Президент ҰҚК төрағасы Марат Ирменовті қабылдады

Президент ҰҚК төрағасы Марат Ирменовті қабылдады
Ақорда telegram-арнасынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Ирменовпен кездесіп, елдегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кездесу барысында ҰҚК төрағасы Президентке ұлттық қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндады.


Сондай-ақ Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысын реформалау және қызмет тиімділігін арттыру бағытында жүзеге асырылатын шаралар таныстырылды. Бұл жұмыстар ҰҚК басшылығымен өткен жиынның қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау аясында қолға алынбақ.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар