21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

ҚазҰУ студентінің өлімі: министр университеттің неге түсініктеме бермегенін айтты

ҚазҰУ студентінің өлімі: министр университеттің неге түсініктеме бермегенін айтты
Әлеуметік желі

Саясат Нұрбек ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты университеттің әзірге неге ресми түсініктеме бермегенін айтты, деп хабарлайды otirikemes.kz.

Саясат Нұрбек Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, министрлік, университет және оқиға куәгерлері әзірге пікір білдіре алмайтынын түсіндірді.

– Сотқа дейін тергеу органдарының барлық әрекеті жария етілмеуге тиіс. БАҚ өкілдерінен де мұқият болуды шын жүректен сұраймыз. Қазір бұл жағдай кеңінен талқыланып жатыр, тергеу жүріп жатыр, әзірше ресми түсінік берілген жоқ. Процестік әрекеттер аяқталғанша, кез келген мәлімдеме мен оқиғаны түсіндіруде абай болуларыңызды сұраймыз, – деді Саясат Нұрбек.

Ректорат қандай шара қабылдады?

Министрлік жағдайды бақылауда ұстап, университет басшылығымен байланыс орнатқан.

– Қазір айта алатыным – біз бірден қыздың қамқоршыларымен хабарластық. Университет барлық шығынды өз мойнына алды, оның барлық төлемін қалпына келтірді. Қажет болған кез келген көмекті көрсетуге дайынбыз. Біз де оның әкесімен және қамқоршыларымен тікелей байланыстамыз, – деді министр.

Саясат Нұрбек университеттің қажетті шараларды қабылдап, марқұмның жақындарына көңіл айтқанын да жеткізді.

ҚазҰУ журналистика факультетінің бірінші курс студенті 6 қарашада университет жатақханасында қайтыс болды. Өлімнің себебі мен оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар