21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Қазақстанның 10 өңірінде автокөлік алаяқтығына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Қазақстанның 10 өңірінде автокөлік алаяқтығына қатысы бар күдіктілер ұсталды
Polisia.kz

Қазақстанның 10 өңірінде автокөлік алаяқтығына қатысы бар қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер осы схема арқылы шетелге 56 автокөлік шығарып, қайта сатқан, деп хабарлайды otirikemes.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеген. Кейін көліктерді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып, қайта сатқан.


Аталған қылмыстық әрекеттің жолын кесу мақсатында ІІМ қызметкерлері еліміздің 10 өңірінде бір уақытта жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ жүргізілген іс-шаралар қылмыстық топтың одан әрі әрекет етуіне тосқауыл қойып, алаяқтықтың жаңа деректерінің алдын алуға мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар шетелге шығарылған автокөліктерді іздестіру шаралары қолға алынған. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар