22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Қазақстанға тағы 5 мыңнан аса мұғалім қажет

Қазақстанға тағы 5 мыңнан аса мұғалім қажет

Қазақстанда халық санының артуы және жаңа мектептердің ашылуына байланысты мұғалімдерге деген қажеттілік те өсіп отыр. Қазір елге 5 мыңнан астам педагог қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан республикалық тамыз конференциясында айтты.

Содан кейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектептеріндегі кадр тапшылығына қатысты пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, шағын жинақты мектептерде, әсіресе жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша мұғалім жетіспейді. Ауыл мектептерінде физика, химия, биология және математика пәндерінің мамандарына сұраныс жоғары.

Министр бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, қажетті мамандарды қысқа мерзімде даярлау жолдарын қарастырып жатқанын айтты.

Сонымен қатар білім беру саласындағы инклюзия мәселесіне де назар аударылды. Жұлдыз Сүлейменова дефектолог мамандардың тапшылығы бар екенін айтты. Осыған байланысты колледждерде дефектологтарды даярлау және оларды білім беру жүйесіне енгізу бойынша жедел шешімдер қарастырылып жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар