Ішкі істер министрлігі Қазақстанға келетін иммигранттардың елге кіруі, аумақта болуы және елден шығу тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Жобаға сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанға кіру үшін электрондық рұқсат рәсімдеу тетігі енгізіледі. Бұл көші-қон процестерін тиімдірек бақылауға және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Министрліктің мәліметінше, жаңа жүйені енгізу 2026 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Түзетулер жобасы 17 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.