22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Қазақстандық өнімдер шетелдегі ірі сауда желілерінің сөрелеріне шығарылады

Қазақстандық өнімдер шетелдегі ірі сауда желілерінің сөрелеріне шығарылады
Владислав Воднев

Қазақстандық өнімдер шетелдегі ірі сауда желілерінің сөрелеріне шығарылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, биылғы бес айдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлар экспорты 14,5%-ға өсіп, 11,8 млрд АҚШ долларын құраған. Қазіргі уақытта Қазақстанда өндірілетін өнімнің шамамен 44%-ы шетелге экспортталады.

«Келесі кезең – дайын өнімді сыртқы нарыққа ілгерілету. Ол үшін отандық өнімді Lulu Hypermarket, Carrefour, Gross, Panda, Spinneys және тағы басқа ірі шетелдік сауда желілерінің сөрелеріне орналастыру жөніндегі жаңа қолдау шарасы пысықталып жатыр», - деді Шаққалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның сөзінше, экспорттық бағыттарды кеңейту барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа және Қытай нарықтарына басымдық беріледі.

Ұқсас жаңалықтар