22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Қазақстанда алтын қанша тұрады

Қазақстанда алтын қанша тұрады
shutterstock

Қазақстанда алтынның бағасы соңғы бір аптада төмендеді. Ұлттық банктің 6 тамыздағы мәліметіне сәйкес, бір грамм тазартылған алтынның құны 61 444,62 теңгені құрады.

Салыстырмалы түрде алғанда, 30 шілдеде бір грамм алтын 61 889,33 теңгеден сатылған болатын. Осылайша, бір апта ішінде бағалы металдың бағасы 444,71 теңгеге төмендеді.

Алтын бағасының құбылуына әлемдік нарықтағы жағдай, АҚШ долларының бағамы, халықаралық сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ орталық банктердің сатып алу белсенділігі әсер етеді.

Соған қарамастан Қазақстан алтын қорын ұлғайтуды жалғастырып келеді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) дерегіне сәйкес, 2026 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Ұлттық банкі алтын резервін 15 тоннаға арттырған. Осы көрсеткіштің арқасында ел әлемнің орталық банктері арасындағы ең ірі алтын сатып алушылардың алғашқы бестігіне енді.

Сарапшылардың пікірінше, алтын резервін көбейту халықаралық резервтердің тұрақтылығын сақтауға және сыртқы экономикалық тәуекелдерді азайтуға бағытталған маңызды қадам саналады.

Ұқсас жаңалықтар