Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы толық жасақталды. Құрамаға 155 спортшы, 49 жаттықтырушы және жарысқа қатысуды қамтамасыз ететін өзге де мамандар енді. Делегацияның барлық
мүшесі бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілді.
Команданы даярлау жұмыстары Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының үйлестіруімен өңірлік спорт басқармалары және ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп жүргізілуде. Қазіргі таңда спортшылар
оқу-жаттығу жұмыстарының соңғы кезеңінен өтіп жатыр.
Көкпар жарыстарын өткізуге қатысты дайындыққа да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аттарды тасымалдау, орналастыру, күтіп-бағу және ветеринариялық сүйемелдеу мәселелері пысықталды.
Жиын соңында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама мүшелеріне сәттілік тілеп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғауға шақырды. Министр
спортшылардың жоғары спорттық нәтиже көрсетіп, медальдық есепте үздіктер қатарынан көрінуіне, сондай-ақ жанкүйерлерге жарқын әрі тартысты бәсеке сыйлайтынына сенім білдірді.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 29 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтеді. Жарыс бағдарламасына спорттың 43 түрі енгізіліп, 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасынан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 150-ден астам спортшы қатысады