21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

WTA Елена Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі деп таныды

WTA Елена Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі деп таныды
Instagram: lenarybakina

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми түрде жариялады, деп хабарлайды otirikemes.kz

Қауымдастық әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық спортшының маусымның үздік теннисшісіне табысталатын жүлдемен түскен суретін жариялады.

«Әлемдегі үздік! Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA маусымының қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанды!» – делінген хабарламада.

2026 жыл Қазақстан өкілі үшін мансабындағы ең табысты маусым болды. Биыл ол «Үлкен дулыға» санатындағы екі ірі турнирде – Australian Open және US Open жарыстарында топ жарды.

Дегенмен, денсаулығына байланысты WTA қорытынды турниріне қатысудан бас тартқанына қарамастан, Рыбакина маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, әлемдік рейтингтегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Ұқсас жаңалықтар