21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Әлем

Магнус Карлсен Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партиядан неге бас тартты?

Магнус Карлсен Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партиядан неге бас тартты?
Ашық дереккөздерден алынған суреттерден ЖИ көмегімен жасалған фотоколлаж

Норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен Еуропада өтіп жатқан супертурнир аясында қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы жоспарланған соңғы партияға қатысудан бас тартты. Нәтижесінде оған техникалық жеңіліс жазылып, отандасымыздың қоржынына 8 ұпай қосылды, деп хабарлайды otirikemes.kz

17 қарашада басталған алғашқы ойын күні Магнус Карлсен жоғары нәтиже көрсетті. Ол блиц форматында өткізілген төрт партияның үшеуінде жеңіске жетіп, бір кездесуді тең аяқтады. Сондай-ақ рапид форматындағы екі партияда да қарсыластарынан басым түсті.

Осы нәтижелерден кейін норвегиялық шахматшы турнирде айқын басымдыққа ие болды. Алайда ол классикалық шахматтың жеделдетілген форматында өтуі тиіс соңғы кездесуге қатысудан бас тартты. Ұйымдастырушылар Карлсенге техникалық жеңіліс тіркеп, Бибісара Асаубаеваға 8 ұпай берді.

Гроссмейстердің айтуынша, матчтың нәтижесі іс жүзінде шешіліп қойғандықтан, қосымша партия өткізудің қажеттілігі болмаған.

«Менің түсінуімше, классикалық партия болмайды, матч аяқталды. Ойынға шықпаудың жалғыз салдары – ешқандай маңызы жоқ партияда жеңілген болып есептелесің. Егер бұл әлем чемпионаты болып, нәтиже ұпай санына әсер етсе, мұндай талапты түсінуге болар еді», – деді Карлсен.

Сонымен қатар норвегиялық шахматшы турнирдің ұйымдастырылу тәртібіне қатысты да өз пікірін білдірді. Ол жалпы нәтиже анықталғаннан кейін қосымша кездесулерді міндетті түрде өткізуді жөнсіз санайды.

«Бірақ бұл шоу-турнир емес. Егер матч аяқталса, демек, аяқталды. Оның үстіне, бұдан кейін ойналатын партиялар рейтингке әсер етпеуге тиіс. Өйткені бұрыннан қалыптасқан тәртіп осындай болатын. Ал егер ұйымдастырушылар мұнда бәрін басқаша жасағысы келсе… Жарайды. Бұл мәселеге қатысты менің шешімім осындай», – деп түсіндірді шахматшы.

Осылайша, соңғы партияға қатыспағанына қарамастан, Магнус Карлсен алғашқы ойын күніндегі басымдығын сақтап қалды. Ал Бибісара Асаубаева қарсыласының ойынға шықпауына байланысты 8 ұпай еншіледі.

Айта кетейік, 18 қарашада екі шахматшы арасындағы бәсеке жалғасады. Екінші ойын күні қарсыластар тағы жеті партия өткізуі керек.

Ұқсас жаңалықтар