Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында құтқарушылар далада адасып кеткен ер адамды тапты. Ол жаяу жолға шығып, барар бағытын жоғалтып алған, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1982 жылы туған азамат күрдіз қыстауынан Балқаш қаласына қарай жаяу бет алған. Алайда жолда адасып, өздігінен бағыт таба алмаған.
Іздестіру жұмыстары кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ер адаммен байланыс орнатып, оның геолокациясын алған. Осы мәлімет арқылы құтқарушылар азаматтың орналасқан жерін анықтады.
Нәтижесінде ер адам «Ақбұзат» қыстауынан солтүстікке қарай 10 шақырым жерден табылды. Кейін оны Балқаш қаласына жеткізді.
Абырой болғанда, ер адамға медициналық көмек қажет болмаған.