22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Қарағанды облысында 7 табиғи өрт ошағын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Қарағанды облысында 7 табиғи өрт ошағын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Қарағанды облысының аумағында табиғи өрттер мен құрғақ шөптердің жану ошақтарын сөндіру шаралары тоқтаусыз жүргізілуде. Өткен тәулікте құтқарушылар мен жергілікті органдардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалпы ауданы 1,3 мың гектардан асатын 9 табиғи өрт толық ауыздықталды.

Қазіргі уақытта Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының таулы-далалы аймақтарында орналасқан 7 табиғи өрт ошағын жою жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайды ауыздықтауға жұмылдырылған күштер: Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан 620 қызметкер мен 134 бірлік арнайы техника тартылды.

Құтқару жұмыстарына таулы-далалы жер бедерінің өтуге қиындығы, жоғары ауа температурасы мен қатты екпінді жел айтарлықтай кедергі келтіруде.

Таңертең ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) көмегімен жүргізілген әуеден бақылау нәтижесінде ашық жану учаскелерінің жойылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта мамандар жекелеген учаскелерді сумен суару және қалған бықсыған ошақтарды толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған төрт ауданда орналасқан 3,9 мыңға жуық шаруа және фермер қожалығына, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендер мен тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қабылданған жедел шаралардың арқасында тілсіз жаудың елді мекендерге таралуына жол берілмеді.

Ұқсас жаңалықтар