22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Спорт

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»

Президент: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктердің алдында тұрған аса маңызды міндет»
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі спорт саласын дамыту, ұлттық спорт түрлерінің мәртебесін көтеру және алдағы халықаралық жарыстарға дайындық барысы туралы маңызды мәлімдеме жасады.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда салада отыздан астам арнайы мекеме жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Астанада ашылған Ұлттық спорт университеті кәсіби кадрлар даярлауға серпін берсе, «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» да өз жемісін бере бастады. Бүгінде ұлттық спорт түрлері заң жүзінде олимпиадалық спортпен тең мәртебеге ие болып, ел бойынша жыл сайын мыңнан астам түрлі жарыс өткізіледі.

— Бүгінде қазақ спортының беделі зор. Мұны бүкіл әлем мойындайды. Күні кеше даңқты спортшымыз Елена Рыбакина теннистен әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Бұл — шын мәнінде өте үлкен жетістік. Мен Еленаны құттықтап, оның еңбекқорлығы мен шеберлігін, жоғары жеке мәдениетін ерекше бағаладым, — деді Мемлекет басшысы.

Президент спорт саласындағы соңғы жетістіктерді Үкімет пен тиісті министрліктің жүйелі жұмысының нәтижесі деп бағалап, алда ауқымды халықаралық додалар күтіп тұрғанын еске салды:

Астанада дәстүрлі спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған бірегей «Болашақ ойындары» сәтті өтті.

Елордада жеті бірдей әлем чемпионаты жалауын көтермек.

2029 жылы Алматыда X Қысқы Азия ойындары өтеді.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, чемпиондардың жетістігі өскелең ұрпаққа үлкен үлгі екенін атап өтті. Жастарды табандылық пен қайсарлыққа баулумен қатар, оларды әдептілік пен жоғары мәдениетке үйретудің маңызы зор екеніне тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар