22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Президент мектепте конституция, заң мен тәртіп негіздері не үшін оқытылатынын айтты

Президент мектепте конституция, заң мен тәртіп негіздері не үшін оқытылатынын айтты
Оқу-ағарту министрлігі

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасында құқықтық сауаттылыққа бағытталған жаңа пәндер мен курстар пайда болады. Атап айтқанда, оқушылар «Құқық негіздері» пәнін, сондай-ақ «Конституция негіздері» және «Заң мен тәртіп негіздері» курстарын оқиды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманың маңызын түсіндірді.

Мемлекет басшысы заң талаптарын сақтап, Конституцияны құрметтейтін жас ұрпақты қалыптастырудың маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, жастар құқық бұзушылықтың салдарын түсініп, заңға жауапкершілікпен қарауы керек.

«Заңға немқұрайлы қарайтын, заң ережелерін бұзып жүрген жастар қылмыстық жазасын алып, өміріне балта шабуда. Өкінішке қарай бұл қарапайым ақиқатты көптеген жас азаматтар білмейді, түсінбейді. Біздің міндетіміз оларға өмірдің осы шындығын түсіндіру, айту», – деді ол тамыз конференциясында.

Сонымен бірге Президент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне де назар аударды. Оның айтуынша, балалар мен жастарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету қажет.

Осы мақсатта мектептер мен жоғары оқу орындарына экологиялық ағарту бойынша бірыңғай стандарттар енгізу жоспарланып отыр. Үкіметке бұл бағыттағы жұмысты жыл соңына дейін аяқтау тапсырылған.

Ұқсас жаңалықтар