21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Саясат

Президент: Ана тілі мәселесі, бұл – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып

Президент: Ана тілі мәселесі, бұл – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып
Ақорда telegram-арнасынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайына қатысып, ана тілінің маңызына тоқталды, деп хабарлайды otirikemes.kz Ақорда telegram-арнасына сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, тіл мәселесі бүгінде әлемдік деңгейде өзекті әрі нәзік тақырыптардың біріне айналған. Сондықтан ана тілінің мәселесі мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызға ие.

Ақорда telegram-арнасынан

Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай барысында мазмұнды ой айтып, орынды ұсыныстар білдірген азаматтарға алғыс білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиында көтерілген мәселелер мұқият қаралып, алдағы жұмыстар барысында міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар