22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Премьер-министр жыл соңына дейін ХҚКО-ларды AI-кеңселерге айналдыруды тапсырды

Премьер-министр жыл соңына дейін ХҚКО-ларды AI-кеңселерге айналдыруды тапсырды
фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елдің барлық өңірлерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (ХҚКО) жыл соңына дейін AI-кеңселерге (жасанды интеллект кеңселеріне)трансформациялауды толық аяқтауды тапсырды.

Оның айтуынша, бұл цифрлық инфрақұрылымды жаңарту тек жауапты министрліктің емес, әрбір өңірдің басты міндеті болуы тиіс.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарын AI-кеңселерге трансформациялау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тек бейінді ведомствоның міндеті емес. Әрбір өңір жаңа цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүдделі болуы керек», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы әкімдіктерге Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, бұл тапсырманы ағымдағы жылдың соңына дейінтолық орындауды жүктеді.

Мемлекеттік қызметтер «лезде» көрсетіледі

Сонымен қатар Премьер-министр халықтың сұранысы өзгергенін, енді азаматтар күрделі өтінімдерсіз әрі іздеусіз нәтижені бірден алғысы келетінін атап өтті. Осыған байланысты биылдың өзінде бірқатар мемлекеттік қызметтерді лезде (моментті) көрсету форматына көшіру тапсырылды.

Негізгі бағыттар:

Азаматтарға қызметтерді оңай, әрі жылдам ұсыну. Көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау немесе соттылықтың болуы/болмауы туралы анықтаманы лезде беру сияқты сервистер негізге алынады.

«Бүгінде азаматтар тек цифрлық қызметтердің саны артқанын күтіп отырған жоқ. Адамдар күрделі іздеулерсіз және өтінімдерсіз қажетті нәтижені тез алғысы келеді. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау немесе соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру аналогы бойынша ағымдағы жылы-ақ лезде көрсету форматына көшіруге болатын қызметтердің тізбесін айқындауды тапсырамын», — деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар