21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Польшада қарулы шабуыл болып, алты адам қаза тапты

Польшада қарулы шабуыл болып, алты адам қаза тапты
Әлеуметтік желіден

Польшаның Краков қаласында қарулы шабуыл болып, алты адам көз жұмды. Тағы 16 адам жарақат алды, деп хабарлайды otirikemes.kz

Оқиғаға қатысы бар 24 жастағы күдікті ұсталды. Полицияның мәліметінше, ер адам көлікпен Бас базар алаңын айналып жүріп, көшедегі кездейсоқ адамдарға оқ атқан. Артынша Әулиелер алаңында тұрған трамвайға да қару кезеген.


Оқиға салдарынан 16 адам жарақат алған. Олардың арасында екі полицей мен шабуыл жасады деген күдіктінің өзі де бар. Құқық қорғау органдары ер адамды көп ұзамай қолға түсірген. Оның көлігінен бірнеше атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді.

Бұдан бөлек, күдіктінің Островец-Свентокшиски қаласындағы үйін тексеру кезінде екі әйел мен бір ер адамның мәйіті табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті – Польша азаматы. Оның атыс қаруын иеленуге ресми рұқсаты болған.

Қайғылы оқиғаларға байланысты Польшада 8–9 қараша күндері ұлттық аза тұту жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар