21 қараша 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Өскеменде қойма өртеніп, екі трактор зақымданды

Өскеменде қойма өртеніп, екі трактор зақымданды
Бейнежазбадан скриншот

Өскемен қаласында кәсіпорын аумағындағы металл қоймадан өрт шықты. Оқиға Молдағұлова көшесінде болған, деп хабарлайды otirikemes.kz ТЖМ telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қойма ішінде автокөлік дөңгелектері, түрлі құрал-жабдықтар мен арнайы техника сақталған. Өрт салдарынан екі трактор зақымданды.


Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары қойма ішіндегі қою түтін мен жанғыш материалдардың көптігіне байланысты қиындаған. Өрт сөндірушілер судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы гидранттардан су алып, магистральдық желілер тартқан.

Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт 70 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ұқсас жаңалықтар