Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Кубогын үшінші рет жеңіп алды, деп хабарлайды otirikemes.kz
Маусым қорытындысына қарасақ, «Ордабасы» бүгінде жай ғана футбол командасы емес, Шымкент қаласының символына айналғанын аңғаруға болады. Бұған Түркістанда өткен Кубок финалына Шымкенттен арнайы 15 автобуспен жанкүйерлердің келуі дәлел.

Командаға қолдау көрсету үшін мыңдаған жанкүйердің финалдық кездесуге арнайы аттануы клубтың қала тұрғындары үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Айта кетейік, «Ордабасы» директорлар кеңесінің төрағасы Дархан Қызбайбаймен болған сұхбатты кейінірек жариялаймыз.