22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады
Оқу ағарту министрлігі

Бүгін еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы басталып, 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі атап өтілуде. Осы айтулы мейрамға орай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды құттықтады.

Өз сөзінде министр биылғы оқу жылы ел тарихындағы маңызды әрі жауапты кезеңде басталып отырғанын ерекше атап өтті.

«Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қымбатты оқушылар! Баршамызға 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі және жаңа оқу жылының басталуы құтты болсын! Биылғы оқу жылы еліміз үшін маңызды тарихи кезеңде басталғалы тур. Күшіне енген жаңа Конституция адам капиталын, білім, ғылым, инновацияны дамытуды мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде білім саласында нақты әрі жүйелі өзгерістер орын алып жатқанына тоқталды. Бүгінде білімге деген мемлекеттік көзқарас түбегейлі өзгеріп, сапалы білім беру — ел болашағына жасалған стратегиялық инвестицияға айналды.

Сонымен қатар, құттықтауда жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен құндылықтарды сіңірудің маңызы аталды:

Отаншыл, білімпаз, еңбекқор, елге жанашыр, заң мен тәртіпке бағынатын Адал азамат тәрбиелеу, жастардың бойында қоғамдық әдепті, жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру.

Жаңа оқу жылының көрсеткіштері: Мінистр келтірген мәліметтерге сүйенсек: Биыл еліміздің 8 мыңға жуық орта білім беретін мектептерінде 4 миллионнан астам бала білім алады; 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, 1-сыныпқа қабылданды.

Сөзінің соңында Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ақ жол тилеп, армандарға ұмтылуға, ізденуге және өз-өзіне сенуге шақырды. Ал ұстаздар мен ата-аналарға балалардың әрбір жетістігі қуаныш пен мақтаныш сыйласын деген тілегін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар