Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы құрлықтың басты бәсекесінде ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады. Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин аталған турнирге қатысатын 5 спортшыны ресми түрде бекітті.
Құрама сапында кімдер бар?
-
51 кг: Алуа Балқыбекова
-
54 кг: Назым Қызайбай
-
60 кг: Виктория Графеева
-
65 кг: Аида Әбікеева
-
75 кг: Наталья Богданова
Бапкерлер штабының шешімімен Назым Қызайбай мен Наталья Богданова бұл жолы өзге салмақ дәрежесіне ауысты. Дегенмен қос боксшы да халықаралық жарыстарда бақ сынап, жаңа салмаққа толық бейімделіп үлгерген.
Осы уақытқа дейін отандық бұрымды боксшыларымызға Азия ойындарының алтыны бұйырмаған еді. Осыны ескерген ұлттық құрама бұл жолы тарихи нәтижені жаңартып, елімізге алғашқы «алтынды» сыйлауды көздеп отыр. Байрақты бәсеке қыркүйек айының аяғы мен қазан айының басында Жапонияның Нагоя қаласында жалауын желбіретеді.