22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Экономика

Мұнай бағасы қайта көтеріле бастады

Мұнай бағасы қайта көтеріле бастады
фото: Shutterstock

Әлемдік мұнай нарығында баға қайта көтеріле бастады. 4 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың құны 1,3%-ға өсіп, бір баррелі 84,89 долларға жетті. WTI маркалы америкалық мұнай да 1%-ға қымбаттап, барреліне 81,11 доллар болды.

Бағаның өсуіне Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға қатысты өзгеріс ықпал еткен. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын және әскери іс-қимылдардың уақытша тоқтатылғанын айтқан болатын. Алайда Иран билігі бұл мәлімдемені жоққа шығарып, мұндай келіссөздердің жүріп жатпағанын мәлімдеді. Осыдан кейін нарық қатысушылары өңірдегі шиеленіс қайта ушығуы мүмкін деген қауіпке алаңдай бастады.

Айта кетейік, бұған дейін дипломатиялық келісім жасалуы мүмкін деген үміттің аясында мұнай бағасы шамамен 7%-ға арзандап, соңғы үш аптадағы ең төменгі деңгейге түскен еді. Сонымен қатар, ОПЕК+ ұйымының қыркүйек айында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру жоспары да нарықтағы бағаға қысым жасап отыр.

Ұқсас жаңалықтар