22 қыркүйек 2026 ж.
Шұғыл
Басты бет Қоғам

Министрлік жүргізушілерге жол апатының алдын алу жолдарын еске салды

Министрлік жүргізушілерге жол апатының алдын алу жолдарын еске салды
shutterstock

Қазақстанда тіркелетін жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуынан болады. Осыған байланысты Көлік министрлігі жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Министрліктің мәліметінше, жол апаттарының 91 пайызы адам факторына байланысты болады. Негізгі себептердің қатарында мыналар тұр:

  • жылдамдықты шамадан тыс арттыру – 33%;

  • көлікті басқара алмау – 14%;

  • қауіпсіз арақашықтықты сақтамау – 13%;

  • жол белгілерінің талаптарын елемеу – 10%.

Жаз мезгілінде жолдағы көлік ағыны артатындықтан, министрлік жүргізушілерге ерекше сақ болуды ұсынды.

«Жылдамдық режимін сақтап, шаршаған кезде рөлге отырмау қажет. Қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде және түнгі уақытта барынша мұқият болған жөн. Көлікте балалар болса, олардың қауіпсіздік белдігін тағуы міндетті. Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі адам факторынан туындайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жол қауіпсіздігін арттыруға ақылы жолдарда енгізілген орташа жылдамдықты бақылау жүйесі де оң әсер еткен. Жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырымды қамтитын бұл учаскелерде жол апаттарының саны 17 пайызға азайған.

Ұқсас жаңалықтар